Алматының Медеу ауданындағы барлық көше 2025 жылдың соңына дейін жарықтандырылады
Алматының Медеу ауданында жыл соңына дейін көше жарығы 100 пайыз қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматының Медеу ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жалғасып жатыр. Биыл жыл соңына дейін ауданның барлық көшесі, орталық және жеке аумақ

Алматының Медеу ауданында жыл соңына дейін көше жарығы 100 пайыз қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алматының Медеу ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жалғасып жатыр. Биыл жыл соңына дейін ауданның барлық көшесі, орталық және жеке аумақтар, соның ішінде бау-бақша серіктестіктері де жарықтандырылады. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты.
«Медеу ауданындағы жарықтандырылмаған көшелер мен бау-бақша серіктестіктерінде жаңа сыртқы жарықтандыру желілерін салу» жобасы аясында 2 598 шам мен 33 басқару шкафы орнатылып жатыр. Жаңа желілердің ұзындығы 70 шақырым. Бүгінде 114 учаскенің 100-інде жұмыс аяқталған.
Сондай-ақ, тұрғын үйлердің қасбетін сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс 75 үйді қамтиды, оның 69-ы ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр, ал 51-і сәндік шамдармен толық жарықтандырылады. Мұндай жарықтандыру әл-Фараби және Достық даңғылында, Пушкин, Жолдасбеков және Райымбек батыр көшелерінде жүзеге асырылады.
Атқарылған жұмыстар Медеу ауданында көше жарығын жүз пайыз қамтумен қатар, кешкі уақытта қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.
Похожие материалы

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·