Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Алты айдағы айғай-шу»: Шымкентке бармай жатып аты шыққан Берденов ақыры қызметінен кетті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін, 25 тамызда, лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo . Берденов бұл қызметке биыл 24 ақпанда тағайындалған еді. Алайда 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының жанында оған қастандық жасалып, оқ тиген болатын. Қатты жарақа

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Алты айдағы айғай-шу»: Шымкентке бармай жатып аты шыққан Берденов ақыры қызметінен кетті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін, 25 тамызда, лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo.

Берденов бұл қызметке биыл 24 ақпанда тағайындалған еді. Алайда 21 сәуір күні әкімдік ғимаратының жанында оған қастандық жасалып, оқ тиген болатын. Қатты жарақат алған ол дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалған. Қылмысқа барған Ернар Жиенбай сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Руслан Берденовтің орнына Қазақстан Президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімі негізінде Арман Сәбитұлы жаңа орынбасар болып бекітілді.

Похожие материалы

«Алты айдағы айғай-шу»: Шымкентке бармай жатып аты шыққан Берденов ақыры қызметінен кетті · Todayinfo