Аляскада АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері әзірге белгісіз.
«АҚШ жағалау күзеті бүгін Аляска штатының Ситка қаласында болған MH-60 Jayhawk тікұшағының апаты туралы хабарламаға жедел әрекет етті. Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқарушылар мен іздестіру-құтқару қызметінің мамандары келді. Экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі, амандығы және оларды құтқару шаралары қамтамасыз етіліп жатыр», - делінген мәлімдемеде.




