Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Амантай қажының басы дауға қалды: ол әйелді баспалдақтан итеріп жіберген

Әлеуметтік желілерде Алматыда түсірілген оқыс жағдай бейнеленген видео кең тарап кетті. Кадрларда ұлттық киім киген, қолында аса таяғы бар ер адам әйелді баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген, деп хабарлады Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, бейнедегі адам — Қазақстан президен

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Амантай қажының басы дауға қалды: ол әйелді баспалдақтан итеріп жіберген
Әлеуметтік желілерде Алматыда түсірілген оқыс жағдай бейнеленген видео кең тарап кетті. Кадрларда ұлттық киім киген, қолында аса таяғы бар ер адам әйелді баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген, деп хабарлады Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, бейнедегі адам — Қазақстан президенттігіне үміткер болған қоғам белсендісі Асылбек Амантай. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші әйел жамбас сүйегін сындырып, ауруханаға түскен. Оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында орын алған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Істің тергелуі Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген ресми хабарламада.

Похожие материалы

Амантай қажының басы дауға қалды: ол әйелді баспалдақтан итеріп жіберген · Todayinfo