Анасынан бас тартқан ұлдар: Қалдыбике апайдың жан тебірентерлік тағдыры (ВИДЕО)
Журналист Гүлмира Әбіқай "Дау-дамайсыз" бағдарламасында елдің қабырғасын қайыстырған оқиғаны жария етті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қалдыбике апайдың үш ұлы бар.Екеуі өзге өңірлерде тұрады, ал үшіншісі – өз қолында болған кенже ұлы мен келіні анасын ұрып-соғып, үйден қуы

Журналист Гүлмира Әбіқай "Дау-дамайсыз" бағдарламасында елдің қабырғасын қайыстырған оқиғаны жария етті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Қалдыбике апайдың үш ұлы бар.Екеуі өзге өңірлерде тұрады, ал үшіншісі – өз қолында болған кенже ұлы мен келіні анасын ұрып-соғып, үйден қуып шыққан. Бұл жағдай – қоғамда жиі айтылмайтын, бірақ аса өзекті мәселенің көрінісі.
Қалдыбике апай қазір барар жері, басар тауы қалмаған соң, өзімен жасты, жанашырлық танытқан бір қарияның үйін паналап отыр. Қолындағы баласы анасынан ресми түрде бас тартатынын мәлімдеген. Тіпті, оны қарттар үйіне өткізетінін қуана-қуана айтып, анасының ақыл-есі дұрыс емес деген желеумен жүйке ауруханасына да апарғанын жасырмаған.
Бұл жағдай қоғамда ата-анаға деген құрмет, қарттарды қадірлеу сынды құндылықтардың әлсіреп бара жатқанын көрсетеді. Қалдыбике апайдың тағдыры – тек бір адамның емес, тұтас бір буынның бет-бейнесі. Қарттар үйі – кейде жалғыздықтың символына айналуда.
Похожие материалы

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·