Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ақ көрпедегі қыздық қанды көріп тойлаған»: Меруерт Түсіпбаева 17 жастағы қызға жаулық жапқан әжелерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Белгілі актриса Меруерт Түсіпбаева Бас прокуротураға үндеу жолдады, деп хабарлайды Todayinfo . Ол Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлаған жігіттің туыс-туғандары жазаға тартылуы керек деп есептейді. «Біздің ақ жаулықты аналарымыз, әжелеріміз, сіңлілеріміз ақ төсекті салып

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Ақ көрпедегі қыздық қанды көріп тойлаған»: Меруерт Түсіпбаева 17 жастағы қызға жаулық жапқан әжелерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Белгілі актриса Меруерт Түсіпбаева Бас прокуротураға үндеу жолдады, деп хабарлайды Todayinfo.

Ол Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлаған жігіттің туыс-туғандары жазаға тартылуы керек деп есептейді.

«Біздің ақ жаулықты аналарымыз, әжелеріміз, сіңлілеріміз ақ төсекті салып, зорлықпен сол жерге жатқызып, барлық іс біткеннен кейін ақ жайманы алып шығып, қанын көріп, өздері тойлап, жуып, қуанады. Бұның арты қылмыстық іске ұласып отыр. Бас прокурор Берік Асылов мырзаға үндеуім: сексен-тоқсанға келсе де, сол ақ жаулықты аналарымызды жауапқа тартуды талап етемін»,- деді ол.

Еске салсақ, кәмелетке толмаған қызды алып қашқан күдікті қазір ұсталды. Оның үстінен ҚК 125-1-бабы "Некеге мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: instagram
 
View this post on Instagram
 

Похожие материалы

«Ақ көрпедегі қыздық қанды көріп тойлаған»: Меруерт Түсіпбаева 17 жастағы қызға жаулық жапқан әжелерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етті · Todayinfo