Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ақнәр Хамиттің құрбысы марқұмның жеке құпияларын жайып салды

Алматыда қайғылы жағдайда көз жұмған Ақнәрдің өліміне байланысты жаңа дерек пайда болды. Оқиға болған пәтерде марқұммен бірге болған құрбысы Дидар (ҚХР азаматы, ұлты қазақ) Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына сұхбат беріп, алғаш рет оқиға туралы ашық айтты, деп хабарлайды Todayinf

Автор Айғаным Нариманова··3 мин чтения
Ақнәр Хамиттің құрбысы марқұмның жеке құпияларын жайып салды
Алматыда қайғылы жағдайда көз жұмған Ақнәрдің өліміне байланысты жаңа дерек пайда болды. Оқиға болған пәтерде марқұммен бірге болған құрбысы Дидар (ҚХР азаматы, ұлты қазақ) Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына сұхбат беріп, алғаш рет оқиға туралы ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Сөзінше, ол өзінің бет-жүзін көрсеткісі келмеген. Себебі көпшілік тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді: «Маған түрлі қорқытулар келіп жатыр. «Сені өлтіреміз», «үйіңді өртейміз» деген хаттар аламын. Сол себепті қорқып отырмын. Іс басталғалы он ай өтті. Заңға сендім. Резонанс болмағанда, бұл сұхбатты бермес те едім», - дейді ол. Дидардың айтуынша, Ақнәрмен таныстығы 2021 жылдан басталған. Олар KIMEP университетінің жатақханасында бірге тұрған. Сонымен қатар Рана есімді тағы бір құрбысымен де сол кезден бері араласып келген. «Менің жасым 25-те, Ақнәр 23 жаста, Рана - 21-де. Біз күнде бірге жүретінбіз: сабақ, тамақ, бос уақыт. Мен үнемі оларға дұрыс жолмен жүрейік деп ақыл айтатынмын,- деді Дидар. Оқиға қалай болды? Сұхбат барысында Дидар 2024 жылдың 13 сәуір күні Ақнәрмен бірге мейрамханада кешкі ас ішіп, кейін пәтеріне барғандарын айтады. «Ақнәр қонамын деді. Сыра ішкім келіп тұр деді. Іштік. Масайып қалды. Кейін «бұрынғы жігітімнің қазіргі қызына барамын» деп үйден шығуға тырысты. Мас болған соң, жібермедім. Жылады, терезеге жақындап, секіргісі келді. Сол сәтте әпкесіне хабарластым», - деді ол. Сонымен қатар, журналист 5 сәуір күні Ақнәр мен Дидар арасындағы хат алмасуды оқыған. Онда белгілі бір қыздың басқа адаммен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтылған. Бейнежазба туралы сұраққа жауап бермеді Дидар 13 сәуір күні пәтерде болған кейбір сәттерді видеоға түсіргенін мойындады. Алайда сұхбат барысында бұл бейнежазбаға қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Қазір Ақнәрдің өліміне қатысты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Дидар өзінің кінәсіз екенін айтып, әділетті шешім күтетініне сенім білдірді. Күйеуіне бензин шашып, өртеп жіберген: 40 жастағы әйел сұмдық қылмыс жасаған Алтай өлкесінде тұрмыстық жанжал ауыр қылмысқа ұласты. 40 жастағы Татьяна есімді әйел күйеуін бензин мен май қоспасымен өртеп жіберді, деп хабарлайды SHOT. Оқиғаға дейін ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы әлеуметтік желі арқылы басталған. 36 жастағы Александр Татьянаның фотоларына пікір жазып, жүрекшелер қалдырып отырған. Олар кейін бір-біріне бауыр басып, Красногорское ауылында бірге тұра бастаған. Алайда соңғы уақытта араларында тұрмыстық жанжал жиілеп кеткен. Оқиға күні ерлі-зайыптылар арасында кезекті дау туып, Александр әйеліне бірнеше рет қол көтерген. Бұған жауап ретінде Татьяна шкафтан бензин мен мотор майының қоспасын алып, күйеуіне шашып, от қойған. Александр отқа оранып, ауыр күйік алып, айқайлаған кезде Татьяна оған жаны ашып, дереу құтқарушыларды шақырған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, ал әйел құқық қорғау органдарына жеткізілді. Белгілі болғандай, Татьяна бұрынғы некесінен екі баланы тәрбиелеп отырған.  

Похожие материалы

Ақнәр Хамиттің құрбысы марқұмның жеке құпияларын жайып салды · Todayinfo