Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған»

Журналист, қоғам белсендісі Майя Бекбаева өзінің Facebook парақшасында атына қатысты жалған ақпарат таратып, қаралау науқаны жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде контекстен жұлынып алынған сөздер негізінде монтаждалған видеолар таралып жатыр,деп хаба

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған»
Журналист, қоғам белсендісі Майя Бекбаева өзінің Facebook парақшасында атына қатысты жалған ақпарат таратып, қаралау науқаны жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде контекстен жұлынып алынған сөздер негізінде монтаждалған видеолар таралып жатыр,деп хабарлайды Todayinfo. 
«Контекстен жұлып алып, сөздерімді бұрмалап, монтаждалған видеолар таратылып жатыр. Бұл жалған әрі қасақана жасалған әрекет деп білемін», – деп жазды Бекбаева.
Майя Бекбаеваның айтуынша, бұл шабуыл оның тарихи тақырыптарға қатысты ашық ойларын білдіруімен байланысты.
«Мені жамандап жатқан себебі – қазақ халқының тарихы жайлы бұрын айтылмаған тақырыптарды көтеріп жүргенім. Мені танитын, жұмысымды білетін мыңдаған адамдар менің өз халқымды қорлайтындай сөз айтуым мүмкін емес екенін біледі. Бұл ақылға қонымсыз», – деді ол.
Ол әлеуметтік желілердегі кей жазбалар мен пікірлердің қаралау мақсатында әдейі жазылып жатқанын алға тартты.
«Кейбір әлеуметтік желідегі жазбалар әдейі қаралау алаңына айналғандай. Ашық пікір қалдыру арқылы жаман сөздер айтылып жатыр. Бұл пікірталас емес, әдейі ұйымдастырылған жаппай шабуыл», – деп қосты журналист.
Майя Бекбаева қазір бұл мәселеге байланысты ресми жауап дайындап жатқанын айтып, жалған ақпарат таратқандардың заң алдында жауап беретініне сенімді. «Қазір ресми жауап дайындап жатырмын. Барлығына нүкте қойылады», – деп жазды ол.

Похожие материалы

Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған» · Todayinfo