Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ақша сұрап, бізді тонағысы келеді»: Қуат Хамитов қыздарға ренішін білдірді

Танымал ММА шебері Қуат Хамитов қыздарға ренішін айтты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айтуынша, танысқан қыздар бірнеше күннен соң ақша сұрай бастайды. «Алматының сұлулары қайда? Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды к

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Ақша сұрап, бізді тонағысы келеді»: Қуат Хамитов қыздарға ренішін білдірді
Танымал ММА шебері Қуат Хамитов қыздарға ренішін айтты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айтуынша, танысқан қыздар бірнеше күннен соң ақша сұрай бастайды.
«Алматының сұлулары қайда? Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», — деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Қуат Хамитов бұған дейін билікке деген ренішін де білдірген еді. Сөзінше, саяси көзқарасын ашық айтқаны үшін жекпе жектерін өткізуге билік кедергі келтіріп келеді.

Похожие материалы

«Ақша сұрап, бізді тонағысы келеді»: Қуат Хамитов қыздарға ренішін білдірді · Todayinfo