Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы базасында өңірдің 31 неонатолог-дәрігеріне арналған халықаралық шеберлік сабағы басталды, ,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның бас демеушісі «ЭксонМобил Қазақстан» корпорациясының қолдауымен Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы және «AlmaEco» ЖШС ұйымдастыруда.
Шеберлік сабағының тақырыбы — неонатологиядағы қарқынды терапия, атап айтқанда, симуляциялық жабдықта тәжірибелік дағдыларды меңгеруге баса назар аударылған.
Бағдарламаға қатысушылар Ресейден келген танымал сарапшылардың жетекшілігімен білім алуда:
• Ольга Ксенофонтова – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты неонатолог-дәрігер, Свердлов облысы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы, Екатеринбург перинаталдық орталығының бас дәрігері;
• Евгений Шестак – медицина ғылымдарының кандидаты, Екатеринбург перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог дәрігер.
Оқу курсы неонатология саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды:
экстремалды төмен салмақтағы нәрестелерге күтім көрсету, тыныс алуды қолдаудың заманауи әдістері, сепсис пен көп ағзалық жеткіліксіздікті емдеу.
Евгений Шестактың айтуынша бұл бағдарлама жаңа туған сәбилердің өлім-жітімін азайтуға тікелей әсер ететін негізгі клиникалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Симуляциялық жабдықтармен жұмыс істеу дәрігерлердің төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге дайындығын және сенімділігін айтарлықтай арттырады.Практикалық бөлім заманауи симуляциялық технологияларды қолдана отырып өтуде. Бұл дәрігерлерге шынайы клиникалық жағдайларға барынша жақын ортада өмірлік маңызы бар практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.
Аталған шеберлік сабағы дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар медициналық қызметкерлер арасындағы командалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға әсер етеді.
Оқу курсы неонатология саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды: экстремалды төмен салмақтағы нәрестелерге күтім көрсету, тыныс алуды қолдаудың заманауи әдістері, сепсис пен көп ағзалық жеткіліксіздікті емдеу.
Евгений Шестактың айтуынша бұл бағдарлама жаңа туған сәбилердің өлім-жітімін азайтуға тікелей әсер ететін негізгі клиникалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Симуляциялық жабдықтармен жұмыс істеу дәрігерлердің төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге дайындығын және сенімділігін айтарлықтай арттырады»,-деді
Практикалық бөлім заманауи симуляциялық технологияларды қолдана отырып өтуде. Бұл дәрігерлерге шынайы клиникалық жағдайларға барынша жақын ортада өмірлік маңызы бар практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.
Аталған шеберлік сабағы дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар медициналық қызметкерлер арасындағы командалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға әсер етеді.




