Ақтаудағы тұрғын үйдегі өрттен ер адам өртеніп кете жаздады
Ақтау қаласында екі қабатты тұрғын үй отқа оранып, бір адамның өміріне қауіп төнді. Өрт Шығыс-2 шағынауданында орын алған. Апат орнында жедел әрекет еткен төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары ер адамды өрт ортасынан аман алып шықты,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат

Ақтау қаласында екі қабатты тұрғын үй отқа оранып, бір адамның өміріне қауіп төнді. Өрт Шығыс-2 шағынауданында орын алған. Апат орнында жедел әрекет еткен төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары ер адамды өрт ортасынан аман алып шықты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шыққан пәтерден 1959 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, шағын аумақта сөндірілді.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиға орнына барып, тиісті сараптамалар жүргізуде. ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті уақытында ауыздықтау адам шығыны мен үлкен материалдық залалдың алдын алды.
Похожие материалы

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·