Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ақысы бар, сапасы жоқ: Астана – Павлодар трассасы опырылып түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Астана мен Павлодар арасындағы ақылы жолдың опырылып кеткені туралы видео тарады. Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Апат жолдың 118-шақырымында тіркелген. Жауапты мекемелер бұған ауа температурасының күр

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Ақысы бар, сапасы жоқ: Астана – Павлодар трассасы опырылып түсті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Астана мен Павлодар арасындағы ақылы жолдың опырылып кеткені туралы видео тарады. Кадрлардан бетон қабатының көтеріліп, жарылғаны анық байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Апат жолдың 118-шақырымында тіркелген. Жауапты мекемелер бұған ауа температурасының күрт көтерілуі себеп болды деп отыр. Сала мамандарының айтуынша, қызған ауа мен ылғал жол қабатын ішінен көтеріп жіберген. Қазір көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдай толық тексерілмек. Жүргізушілер сапасыз жолға шағым айтып, ақылы трассаға төленетін қаржының қайда кетіп жатқанына күмән келтіруде.

Похожие материалы

Ақысы бар, сапасы жоқ: Астана – Павлодар трассасы опырылып түсті (ВИДЕО) · Todayinfo