Түркістан облысы Арыс қаласында жеңіл көлік жеке үйдің қоршауына соғылып, сол маңда орындықта отырған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Апат салдарынан төрт адам, соның ішінде екі кішкентай бала мен айы-күні жақындаған жүкті әйел қаза тапты.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, тағы екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Көлікті 52 жастағы әйел басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында адамдарды тасымалдаумен айналысады. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші әйел мас болған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық кодексіне сәйкес, мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жағдайда күдіктіге өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.




