Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ашхабадта бойдақ әйелдерге сары орамал тағу міндеттелді

Фото: Вячеслав Саркисян/Reuters Түрікменстанда тұрмысқа шықпаған әйелдерге сары орамал тағу талабы қойылды. Бұл бұйрық "жоғарыдан" түскенін басшылық хабарлаған, деп хабарлайды Todayinfo. Наурыз айының басынан бастап тұрмыстағы әйелдерге жұмысқа сары көйлекпен келу міндеттелген. Е

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Ашхабадта бойдақ әйелдерге сары орамал тағу міндеттелді
Фото: Вячеслав Саркисян/Reuters Түрікменстанда тұрмысқа шықпаған әйелдерге сары орамал тағу талабы қойылды. Бұл бұйрық "жоғарыдан" түскенін басшылық хабарлаған, деп хабарлайды Todayinfo. Наурыз айының басынан бастап тұрмыстағы әйелдерге жұмысқа сары көйлекпен келу міндеттелген. Егер бұл талап сақталмаса, жұмыстан босату туралы ескерту жасалған. Бойдақ әйелдер – жұмыста сары орамал тағуға тиіс. Тұрмыстағы әйелдер – сары көйлек киюі керек. Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге – косметика қолдануға, денеге жабысып тұратын киім киюге және шашты ашық түске бояуға тыйым салынған. Жас жігіттерге – қырынбай жүруге рұқсат жоқ, бұл іс жүзінде сақалға тыйым салу дегенді білдіреді. Түрікменстанда мұндай заңдық негізі жоқ талаптардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұған дейін елде автокөліктердің ақ немесе ашық түсті болуы, кондиционерлердің сыртқы блоктарын ғимараттардан алып тастау, әйелдерге дәстүрлі көйлек кию міндеттелуі секілді шектеулер енгізілген. Сарапшылардың пікірінше, бұл талаптар Кеңес дәуірінің мұрасынан бастау алады және Түрікменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтың кезінен бері жалғасып келеді. Алайда, қазіргі президент Бердімұхамедовтер әулетінің билігі кезінде бұл шектеулер шарықтау шегіне жетті. Түрікмен қоғамында неліктен сары түс таңдалғаны қызу талқылануда. Кейбіреулер мұны Гурбангулы Бердімұхамедовтың әйелі мен әпкелерінің талғамымен байланыстырады.

Похожие материалы

Ашхабадта бойдақ әйелдерге сары орамал тағу міндеттелді · Todayinfo