Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Астана-Алматы тасжолында ірі жол апаты: автобустағы бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында Астана-Алматы тасжолында жолаушылар автобусы жүк көлігіне соғылды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Астана-Алматы тасжолында ірі жол апаты: автобустағы бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында Астана-Алматы тасжолында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 21 наурызда Сарышаған кентінің маңында болған. 33 жолаушысы бар рейстік автобустың 49 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған.

Апат салдарынан автобус жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті жүргізушілерге демалыс режимін сақтап, жолда өте мұқият болу қажеттігін ескертті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Астана-Алматы тасжолында ірі жол апаты: автобустағы бір адам қаза тапты · Todayinfo