Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Астана маңында ұшақ құлады, қаза тапқандар бар

Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo . «Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық апптқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экип

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Астана маңында ұшақ құлады, қаза тапқандар бар

Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo.

«Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық апптқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды», – делінген ақпаратта.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.

Похожие материалы

Астана маңында ұшақ құлады, қаза тапқандар бар · Todayinfo