Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Астанада кішкентай қыз отырған лифт 9-қабаттан құлап түсті

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 9-қабаттан лифт құлап, ішінде кішкентай қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты қорқып, жарақат алған. Оқырмандардың редакцияға хабарлауынша, оқиға 13 тамыз күні Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кеш

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Астанада кішкентай қыз отырған лифт  9-қабаттан құлап түсті

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 9-қабаттан лифт құлап, ішінде кішкентай қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты қорқып, жарақат алған.

Оқырмандардың редакцияға хабарлауынша, оқиға 13 тамыз күні Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған.

— 9-қабаттан лифт құлап кетті, ішінде қыз бала болды. Қатты шошып, құйымшағын жарақаттады. Лифт мәселесі біраздан бері жалғасып келеді, бірақ лифтілерді ауыстыруға қол жеткізе алмай жүрміз, — деді тұрғындар.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиғадан кейін қыздың ата-анасы оны №2 көпсалалы балалар ауруханасына апарған.

— Барлық бейінді мамандар амбулаториялық деңгейде қарап тексерді. Ауыр жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Бала амбулаториялық емге жіберілді. Қалған емдеу шаралары тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі, — деді басқарма өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда бала лифт шахтасына құлап кеткені хабарланған. Ол оқиға бойынша да тексеру жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы

Астанада кішкентай қыз отырған лифт 9-қабаттан құлап түсті · Todayinfo