Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айының басында БАҚ-та Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті пікір білдірді.

Мәліметтерге сенсек, істі ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Қылмыстық іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және тағы бір күдікті туралы деректер бар.

Сондай-ақ ұсталғаннан кейін Мейіржан Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдіргенімен, кейіннен бұл шешімінен бас тартқаны айтылған.