Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атырау облысында зейнеткер өзін-өзі өртеп жіберді

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. «13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанын

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Атырау облысында зейнеткер өзін-өзі өртеп жіберді
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
«13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді» - делінген хабарламада.
Орын алған оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша, бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін. Todayinfo.kz

Похожие материалы

Атырау облысында зейнеткер өзін-өзі өртеп жіберді · Todayinfo