Атырауда 6 миллиард теңгеден астам қаржы жымқыру ісі бойынша сот процесі басталды
Атырау қаласында 6 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша сот процесі үшінші талпыныстан кейін басталды. Іс бойынша басты айыпталушы – «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының топ-менеджері Берік Салпек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол Батыс өңірлер үшін

Атырау қаласында 6 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша сот процесі үшінші талпыныстан кейін басталды. Іс бойынша басты айыпталушы – «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының топ-менеджері Берік Салпек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол Батыс өңірлер үшін маңызды магистральдық су құбырын жөндеу кезінде қаржының жоғалуына қатысы бар деп күдікке ілінген.
Аталған жоба аясында Ресей аумағынан Қазақстанға Астрахань мен Маңғышлақты байланыстыратын жасанды канал арқылы тұщы су жеткізіледі. Соңғы жылдары инфрақұрылымның өткізу қабілеті төмендегендіктен, «ҚазТрансОйл» компаниясына жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған.
Жобаны жүзеге асыру «Магистральдық су құбыры» ЖШС-не жүктелген, оны басқарғандардың қатарында Берік Салпек те болған. Тергеу мәліметінше, компания алдымен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлетіп, кейін мердігер ретінде «АСК Құрылыс-Компаниясы» ЖШС-ін таңдаған. Жобаның жалпы құны 17 миллиард теңгеден асқан.
Тергеу барысында жаңа құбырларды төсеу жұмыстары қарастырылғанымен, олар құжатта көрсетілген бағадан әлдеқайда арзанға сатып алынғаны анықталған. Сонымен қатар кейбір жұмыстар мүлде орындалмаған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал көлемі 6 477 741 628 теңгені құраған.
Құқық қорғау органдары бұл қаражат жалған келісімшарттар арқылы шығарылған деген қорытындыға келген.
Сондай-ақ тергеу барысында «АСК Құрылыс-Компаниясы» шоттарынан Берік Салпектің әуе сапарлары төленгені және жобаға қатысы жоқ тұлғаға 11 миллион теңге аударылғаны белгілі болды.
Жоба аяқталғаннан кейін Салпек «ҚазТрансОйл» компаниясында коммерция жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалған. Алайда 2024 жылдың соңында ол және тағы төрт адам алаяқтық ісі бойынша күдікті деп танылды.
2025 жылдың көктемінде іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түскен. Алдын ала тыңдау барысында қорғаушылар істі Атырау облысына беру туралы өтініш білдіріп, сот бұл өтінішті қанағаттандырған.
Кейін іс Атырау қаласының №2 сотына жіберілген. Мұнда қорғаушылар керісінше істі қайтадан Астанаға қайтаруды және прокурорға жіберуді сұраған. Нәтижесінде іс қайта қаралып, жаңа айыптау актісі жасалып, тағы да Атырау сотына жолданған.
Үшінші талпыныста ғана Нұртас Бөлекбаев төрағалық ететін сотта негізгі қарау басталды. Бұл жолы адвокаттардың істі кері қайтару туралы өтініші қанағаттандырылмады.
Қазіргі уақытта сот процесі баяу жүріп жатыр. Атап айтқанда, кейбір куәгерлердің сотқа келмеуіне байланысты тыңдаулар кейінге қалдырылуда.
Айта кетерлігі, іс бойынша айыпталушылар қамауға алынбаған. Оларға қатысты «елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Сот процесі жалғасуда.
Похожие материалы

Новости
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

Новости
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·