Todayinfo.kz
РегионыСмотреть все материалы

Атырауда әлимент төлеуге "шамасы келмеген" әкелер шындығында 800 млн теңгені бәс тігуге жұмсаған

Фото: kalmykia Атырау облысында қашқын әкелер балаларына әлимент төлеуге ақша таппаса да, құмар ойынға бәс тігуде  ақшаны аямайды, Атырау қаласының прокуратурасы 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғанын анықталды. Ал олардың бәр

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Атырауда әлимент төлеуге "шамасы келмеген" әкелер шындығында 800 млн теңгені бәс тігуге жұмсаған
Фото: kalmykia Атырау облысында қашқын әкелер балаларына әлимент төлеуге ақша таппаса да, құмар ойынға бәс тігуде  ақшаны аямайды, Атырау қаласының прокуратурасы 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғанын анықталды. Ал олардың бәрі әлименттен жалтарған қашқын әкелер, деп хабарлайды Todayinfo. Бас прокуратураның мәліметінше, 45 қашқын жігіттің құмар ойын сайттарға кіруіне шектеу қойылса, тағы 11 борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек тағы 14 борышкер әкімшілік жазаға тартылған.
«Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық  (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында», - делінген хабарламада.
Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Похожие материалы

Атырауда әлимент төлеуге "шамасы келмеген" әкелер шындығында 800 млн теңгені бәс тігуге жұмсаған · Todayinfo