Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Атырау қаласында жоспарланған Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті белгіленген күні өтпей қалды. Куәгерлердің айтуынша, іс-шара басталмай жатып, концерт өтпейтіндігі хабарланған,деп хабарлайды Todayinfo. «Біз концерт басталуына бір сағат қалғанда келдік, бірақ бәрі жабық болды.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
Атырау қаласында жоспарланған Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті белгіленген күні өтпей қалды. Куәгерлердің айтуынша, іс-шара басталмай жатып, концерт өтпейтіндігі хабарланған,деп хабарлайды Todayinfo.
«Біз концерт басталуына бір сағат қалғанда келдік, бірақ бәрі жабық болды. Кейін біреу шығып, концерттің болмайтынын айтты», – деді көрермендердің бірі.
Іс-шараны Атырау мен Құлсары қалаларындағы жас ұйымдастырушылар ұйымдастырмақ болған. Алайда, олар қарапайым ұйымдастыру талаптарын орындай алмаған. Бұл туралы түсініктеме де берілмеді. Әнші Мирас Жүгінісов өз парақшасында көрермендерден кешірім сұрады:
«Біз де сіздер секілді сахна сыртында күтіп тұрдық, бәрі реттеледі деп үміттендік. Өкінішке қарай, залды жалға алу ақысы төленбеген болып шықты. Бұл өкінішті жағдай», – деді ол.
Концерттің басқа күнге ауыстырылатыны туралы әзірге ақпарат жоқ. Ұйымдастырушылар билет құнын қайтаруға уәде берген. Айта кетейік, бұл концертке тек Атыраудан ғана емес, Құлсары мен Орал қалаларынан да көрермендер келген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)

Похожие материалы

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты · Todayinfo