Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атырауда жоғалған отбасының балаларын іздеу тоқтатылды

Жангелдин ауылында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Әзірге хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мирамгүлдің қайда екені анықталған жоқ, деп хабарлайды Todayinfo Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. Департаменттің хабар

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения

Жангелдин ауылында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Әзірге хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мирамгүлдің қайда екені анықталған жоқ, деп хабарлайды Todayinfo Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстарына Атырау облысы полиция департаментінің ресми өтініші негізінде құтқару қызметтері жұмылдырылып, ауыл аумағы толық тексерілген.

«Полиция белгілеген барлық учаскелер қаралды. Қазіргі кезде полициядан іздеуді жалғастыруға қатысты қосымша нұсқаулар немесе сұраулар түскен жоқ», — делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салсақ, бір отбасының мүшелерін іздеу ісі өткен жылдың 25 желтоқсанында басталған. Туыстары құқық қорғау органдарына хабарласқаннан кейін тергеу барысында шаруашылық ғимаратынан үй иесі мен оның жұбайының мәйіттері табылған. Алайда олардың балалары Наурыз бен Мирамгүл әлі табылған жоқ.

Сонымен қатар, қаза тапқан отбасының зяті Султан Сәрсемалиевтің де орны белгісіз. Ол кісі өлтіруге қатысты күдікті ретінде тергеліп жатыр. Оның жұбайы, қаза тапқан отбасының қызы, Ақбаян да іздеуде.

Похожие материалы

Атырауда жоғалған отбасының балаларын іздеу тоқтатылды · Todayinfo