Атыраудағы қанды іс: Күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Алматыға жеткізілді
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза табуына қатысты тергеу ісінде жаңа мәліметтер белгілі болды. Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева арнайы сараптама жүргізу үшін Алматы қаласына жеткізілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Облыстық прокуратураның мәлі

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза табуына қатысты тергеу ісінде жаңа мәліметтер белгілі болды. Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева арнайы сараптама жүргізу үшін Алматы қаласына жеткізілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамалары институты мекемесіне стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өту үшін жіберілген.
Қазір сараптама қорытындысы әлі дайын емес. Бұған дейін күдікті сот санкциясымен Атырау облысындағы арнайы медициналық мекемеге орналастырылған еді. Құзырлы органдар оның мінез-құлқына байланысты психикалық жағдайын тексеру қажет деп шешім қабылдаған.
Прокуратура мәліметінше, Мұқанғалиеваға әзірге нақты айып тағылып, бұлтартпау шарасы таңдалмаған. Тергеу барлық мән-жайды анықтап, сараптама нәтижелері шыққаннан кейін ғана құқықтық баға береді.
Іс бойынша басты күдікті – марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де кешенді психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Алайда оның сараптамадан нақты қай жерде өтіп жатқаны белгісіз.
Оған қатысты мынадай айыптар тағылған:
• екі немесе одан да көп адамды өлтіру;
• алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық;
• алаяқтық.
Тергеу деректеріне сәйкес, ұрлық пен алаяқтық эпизодтары марқұмдардың жеке заттарын иемдену және малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.
Похожие материалы

Новости
Су астындағы қала: Астана әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
ОСК жеребе қорытындысын жариялады: партиялар бюллетеньде қай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·

Новости
ЦИК: агитация стартует сегодня после 18.00 и завершается 22 августа в 00.00
Жаннұр Еділбаева·

Новости
ОСК: Сайлау алдындағы үгіт бүгін сағат 18:00-ден кейін басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады
Жаннұр Еділбаева·