Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атыраудың айуаны: элиталы ауданда тұратын әйелді үйінде жас жігіт тонап өлтірген

Атырауда «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінде Бибігүл Шпанова атты әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Atyrau Online телеграм арнасына сілтеме жасап. Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. «Атырау облысының пол

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Атыраудың айуаны: элиталы ауданда тұратын әйелді үйінде жас жігіт тонап өлтірген

Атырауда «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінде Бибігүл Шпанова атты әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Atyrau Online телеграм арнасына сілтеме жасап.

Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Атырау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1979 жылы туған әйел адамды тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіден заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі, яғни адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Похожие материалы

Атыраудың айуаны: элиталы ауданда тұратын әйелді үйінде жас жігіт тонап өлтірген · Todayinfo