Екінші тоқсанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі аяқталды. Аудит қорытындысы бойынша баға белгілеуді реттеудің тиімділігіне, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне баға беріледі. 2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің мемлекеттік аудиті шеңберінде Қытаймен «айна статистикасындағы» алшақтықтарды азайту жөніндегі шаралардың нәтижелілігін, корпоративтік табыс салығы бойынша автоматтандырылған камералдық бақылаудың тиімділігін, мемлекет бюджетіне салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралардың толықтығын бағалау жоспарланған. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.– Жоғарғы аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, – делінген хабардамада
Аудиторлар Назарбаев мектептеріне бөлінетін қаражаттың тиімділігін тексеріп жатыр
2024 жылдың екінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтаған. Мемлекет басшы

2024 жылдың екінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтаған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілген. Бұдан басқа, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне баға беріледі.
Похожие материалы

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·