Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Аутизм сыртқаты бар баланы балағаттаған әйелді көпшілік сынап жатыр

Автобуста аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған әйелдің әрекетін желідегілер талқылап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қоғамдық көлікте әйелдің науқас бала мен анасына дөрекілік танытып, киіміне тиісіп. балаға ауыр сөз айтқан. Аутизмге шалдыққа

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Аутизм сыртқаты бар баланы балағаттаған әйелді көпшілік сынап жатыр

Автобуста аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған әйелдің әрекетін желідегілер талқылап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қоғамдық көлікте әйелдің науқас бала мен анасына дөрекілік танытып, киіміне тиісіп. балаға ауыр сөз айтқан.

Аутизмге шалдыққан 6 жасар Анисаның анасы өздерінің көліктері жоқ екенін, инвотиксиге хабарласу қиын болғандықтан күн сайын сабақтарға автобуспен қатынауға мәжбүр екендерін айтады.

“Мен адамдардан тек түсіністік танытқанын күтемін. Бұған дейін менің қызым автобуспен жүруге қиналатын, айқайлап, еденге жатып алатын. Қазір терапияның арқасында дұрысталып келеді, тек бір сөзді қайталап береді. Айқайламайды, тек бір сөзді қайталайды. Ал адамдарға бұл ұнамайды. Бұрын адамдар тек наразылық білдірсе, бүгін мына әйел қызымды “топас” деп атады, мен жылап қалдым”, – дейді Анисаның анасы Сағина. 

Адамдардың осындай наразылықтарынан шаршаған ана қызының кеудесіне үлкен төсбелгі де жабыстырып қойған көрінеді. 

Төсбелгіде “Мен өзімді жаман ұстамаймын, мен ерке емеспін. Менде АУТИЗМ. Өтініш, сабырлырақ болыңыздаршы” деп жазылған. 

Похожие материалы

Аутизм сыртқаты бар баланы балағаттаған әйелді көпшілік сынап жатыр · Todayinfo