Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ажалды қалтасына салып, әлемге өмір сыйлаған әйел»: бес рет Нобель сыйлығын алған Мария Кюридің өмірі мен еңбегі

Польша тумасы, әйгілі ғалым Мария Склодовская-Кюри тарихта екі рет Нобель сыйлығын алған жалғыз адам ретінде қалды. Ол физика (1903) және химия (1911) саласында әлемдік ғылымға елеулі үлес қосқан. Қазіргі таңда Париждегі Ұлттық кітапханада Мария Кюридің жеке заттары, күнделіктері

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Ажалды қалтасына салып, әлемге өмір сыйлаған әйел»: бес рет Нобель сыйлығын алған Мария Кюридің өмірі мен еңбегі

Польша тумасы, әйгілі ғалым Мария Склодовская-Кюри тарихта екі рет Нобель сыйлығын алған жалғыз адам ретінде қалды. Ол физика (1903) және химия (1911) саласында әлемдік ғылымға елеулі үлес қосқан.

Қазіргі таңда Париждегі Ұлттық кітапханада Мария Кюридің жеке заттары, күнделіктері мен қолжазбалары ерекше қауіпті бөлімде сақталады. Ғалымның дүниеден өткеніне 90 жылға жуық уақыт өтсе де, заттарынан радиация бөлініп тұрады, сондықтан ғалымның жеке материалдарына арнайы қорғаныс киімімен және қауіп-қатерге келісім жасасқан жағдайда ғана кіруге болады.

Мария Кюри Варшавада, Ресей империясы тұсында поляк отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі бала тәрбиесіне жағдай жасай алмағанымен, оның білімге деген құштарлығы күшті болды. Ол жасырын университетте оқып, 24 жасында Парижге аттанды. Қиын жағдайға қарамастан, ғылымға деген қызығушылығы үшін аштыққа төзген.

Ғалымның өмірі Пьер Кюримен кездескеннен кейін түбегейлі өзгерді. Бірлесіп зертханалық жұмыстар жүргізген жұп радиус элементін зерттеп, оны таза күйде бөліп шығарды. Мария өз тәжірибесінде радиусты қолмен тасып, тәжірибелерін күндіз-түні жүргізген. Ол ешқашан патент алмады, себебі ғылым жеке меншікке емес, бүкіл адамзатқа тиесілі деп санаған.

Мария Кюридің жеке өмірі қиындыққа толы болды. 1906 жылы Пьер Кюри жол апатынан қаза тауып, ғалым жесір қалды. Қиын кезеңдерде оған қолдау көрсеткен жалғыз адам – Альберт Эйнштейн болды.

Ғалымның отбасы да ғылым саласында көрнекті болды: қызы Ирен Кюри және күйеу баласы кейіннен Нобель сыйлығын алған. Бір отбасы үшін бұл – бес Нобель сыйлығы.

Мария Кюри 1934 жылы радиацияның зиянды әсерінен болатын апластикалық анемиядан қайтыс болды. Оның сүйектері әлі қорғасын табытта сақталады, себебі алдағы 1500 жыл бойы радиация бөлініп тұрады.

Ғалымның зерттеулері қазіргі медицинаның, әсіресе онкологиялық аурулардың алдын-алатын ғылымның дамуына негіз болды. Мария Кюри адамзатқа өмір сыйлаған ғалым ретінде тарихта мәңгі қалды.

Фото: depositphotos.com

Похожие материалы

«Ажалды қалтасына салып, әлемге өмір сыйлаған әйел»: бес рет Нобель сыйлығын алған Мария Кюридің өмірі мен еңбегі · Todayinfo