«Бай іздеп жүр»: Рүстем Жүгінісов мешіттегі былықты жайып салған қыздың өзін кінәлады
Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Эммануэлла Наурызбаева есімді бойжеткен өзіне қатысты орын алған келеңсіз жағдай туралы бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, мешіт ішінде сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа шақырған. Бұл әрекетті ол ұялы теле

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Эммануэлла Наурызбаева есімді бойжеткен өзіне қатысты орын алған келеңсіз жағдай туралы бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, мешіт ішінде сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа шақырған. Бұл әрекетті ол ұялы телефоны арқылы видеоға түсіріп үлгерген,деп хабарлайды Todayinfo.
Эммануэлланың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында кеңінен тарап, қоғамның түрлі өкілдері арасында үлкен резонанс тудырды. Аталған оқиға дін мен гендерлік құқықтар, мешіттегі әйелдердің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты пікірталасқа ұласты.
Оқиғаға байланысты кейбір азаматтар бойжеткеннің әрекетін сынға алды. Атап айтқанда, Рүстем Жүгінісов есімді азамат өзінің видеоүндеуінде әйел адамның мешітке баруын құптамайтынын білдіріп, былай деді:
«Әйелдің мешіті оның үйі. Ер адамдар мешітте намаз оқығаны дұрыс болса, әйелдерге үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де бар».
Сондай-ақ, ол мешітке барған қыздар жайлы теріс пікірлер айтып, Эммануэлланы «бай іздеп жүр» деп айыптады.
Ал қоғам белсенділерінің бірі Жарқын Мырзатай да Эммануэлланың әрекетін айыптап, оны «Ислам дініне кір келтірді» деп бағалады. Ол бойжеткенді дінге қарсы әрекет жасады деп сынға алды.
Похожие материалы

Новости
Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

Новости
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·