Todayinfo.kz
МирСмотреть все материалы

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкекте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қырғызстанның бұрынғы басшысы Құрманбек Бакиевтің қазіргі өмірі туралы айтып, оны тарихи отанына жіберуге ниетті емес екенін әзіл-шыны аралас жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпар

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте  Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкекте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қырғызстанның бұрынғы басшысы Құрманбек Бакиевтің қазіргі өмірі туралы айтып, оны тарихи отанына жіберуге ниетті емес екенін әзіл-шыны аралас жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Біз оны сіздерге енді жібермейміз. Мен оған: “Ешқандай сапар жоқ, жетеді. Беларусьте өмір сүре бер” деп айттым. Өмірі жаман емес. Кейде шақырса, қонаққа барып тұрамын. Сондықтан біз оны сіздерге бермейміз», – деді Лукашенко.

Оның сөзінше, Бакиев Қырғызстанды сағынады және ең болмаса әкесінің қабіріне барып қайтуды қалайды.

«Бұрынғы президентке әкесінің бейітіне баруға рұқсат бермей қою – бұл дұрыс емес. Осы мәселені Қырғызстанның қазіргі басшылығымен бірге шешеміз деп ойлаймын», – деді ол.

Похожие материалы

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді · Todayinfo