Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алды – министр халықаралық жобалардың маңызын атап өтті

Фото: Azattyq Ruhy Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамызда өтетін әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкіметтегі брифинг барысында айтты,деп хабарлайды Todayinfo. Министрдің айтуы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алды – министр халықаралық жобалардың маңызын атап өтті
Фото: Azattyq Ruhy Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамызда өтетін әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкіметтегі брифинг барысында айтты,деп хабарлайды Todayinfo. Министрдің айтуынша, Дженнифер Лопес – жаһандық аудиторияны баураған, таланты мойындалған әртіс. Ол мұндай ірі мәдени оқиғаны өз көзімен көргісі келетінін айтып, билет сатып алғанын жеткізді:

«Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана—қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын», – деді Аида Балаева.

Министр осындай әлемдік концерттердің Қазақстанның халықаралық аренадағы мәдени имиджін арттырудағы рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл Димаш Құдайбергеннің концерттеріндегідей шетелдік қонақтардың қызығушылығын арттыруы мүмкін.

«Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде де көптеген шетелдік көрермендер келген болатын. Осындай жобалар елді танымал етуге ықпал етеді. Болашақта Шакира, Лара Фабиан сынды жұлдыздарды да елімізде көрсек, қуанар едім», – деді министр.

Аида Балаеваның бұл мәлімдемесі отандық мәдениет саласының ашықтығы мен халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетеді.

 

Похожие материалы

Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алды – министр халықаралық жобалардың маңызын атап өтті · Todayinfo