– Бізге пәтерақыдан кейін небәрі 70 мың теңге ғана қалатын. Соған күн көріп жүрдік. Артық шығынға, қыдыруға мүмкіндігіміз жоқ. Ақша жинау туралы айтудың өзі артық. Біз үшін қарапайым серуеннің өзі байлықпен тең. Бұл қандай өмір? – дейді ол.Бұл жазба қоғамда үлкен талқыға түсті. 8 мыңнан астам пікір қалдырғандардың көбі әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындары болып шықты. Олар да тұрмыс жағдайына қатысты наразылықтарын жазып, Айданаға қолдау білдірген. Дегенмен «майор әйелін асырай алмады ма?» деп сынағандар да табылды.
«Баланың жөргегіне ақша таппай жүрміз, бұл қандай өмір?»: Желіде «майордың» әйелі билікке жанайқайын жеткізді
Әлеуметтік желіде «майордың жары» деп жазылған аккаунт иесі Айдана есімді әйел президент пен қорғаныс министріне ашық хат жариялады. Ол күйеуіне пәтер жалдау үшін берілетін төлем тоқтап қалғанын айтып, отбасының күнкөрісі қиындағанын жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат

Әлеуметтік желіде «майордың жары» деп жазылған аккаунт иесі Айдана есімді әйел президент пен қорғаныс министріне ашық хат жариялады. Ол күйеуіне пәтер жалдау үшін берілетін төлем тоқтап қалғанын айтып, отбасының күнкөрісі қиындағанын жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Айдананың айтуынша, күйеуі жуырда майор шенін алып, айлығы 320 мың теңгеге көтерілген. Бұған дейін ол 270 мың теңге жалақы алып келген. Отбасы ай сайын 150 мың теңгені пәтер жалдауға төлейді.
Похожие материалы

Новости
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·