Банк картасын онлайн рәсімдеу қиындайды - жаңа норма
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Todayinfo inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Жаңа норма бойынша қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Todayinfo inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа норма бойынша қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы 3 айдың ішінде төлемдер қатаң бақыланады.
Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер қаржы секторының қауіпсіздігін арттырып, кибер қылмыспен күресуге көмек болмақ.
Жаңа жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) барынша азайту үшін әзірленді.
Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·