Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Бақытты болса, қуанар едім»: Баян Алагөзова экс-күйеуінің үйленгені жайлы қауесетке ойын айтты

Жақында желіде қазақстандық кәсіпкер Бақытбек Есентаевтың өзінен 20 жас кіші әйелге үйленгені жайлы қауесет тараған еді. Танымал продюсер Баян Алагөзова  Qazaq Ordasy Youtube арнасына берген сұхбатында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Бақытты болса, қуанар едім»: Баян Алагөзова экс-күйеуінің үйленгені жайлы қауесетке ойын айтты
Жақында желіде қазақстандық кәсіпкер Бақытбек Есентаевтың өзінен 20 жас кіші әйелге үйленгені жайлы қауесет тараған еді. Танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy Youtube арнасына берген сұхбатында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Продюсердің айтуынша, қыздары Айсәуле де, Айару да әкелерімен жақсы қарым-қатынаста, ол оған ешқашан тыйым саған емес. Өнер иесі баланы әкесінен алыстату – үлкен қателік деп санайды.
“Керісінше, әрдайым “Әкелеріңді сыйлаңдар, құрметтеңдер, ол – сендердің әкелерің” деп айтып отырамын”, – дейді Баян Алагөзова.
Өнер иесі желіде бұрынғы күйеуіне қатысты тараған ақпаратты көргенін жасырмады.
“Қызым бұл ақпаратты көрген соң маған хабарласып “Мама, көрдің бе?” деп сұрады. Мен “Иә, көрдім, қазір біреуден біреуге тарайтын дүниелер көп қой” деп жауап бердім”, – деді ол.
Баян Алагөзованың сөзінше, кейін қызы әкесіне хабарласып, мән-жайды анықтаған. Бақытбек Есентаев мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізген. Оның айтуынша, олар желіде тараған суретке үш-төрт жыл бұрын біреудің тойында қонақ ретінде барғанда түскен. Ал жанындағы әйелмен түскен жай ғана кездейсоқ фото екен. Продюсер егер экс-күйеуі үйленіп, бақытты болып жатса, тек қуанатынын айтты.
“Мен ешкімге ақыл айтқым келмейді. Себебі біреуге ол дұрыс көрінсе, енді біреуге “Өзіңе қара” дегендей әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан әр адам өз өмірінде таңдауын өзі жасайды. Бірақ сол таңдауды жасамас бұрын, оның болашаққа қалай әсер ететінін ойлаған жөн. Өйткені бәріміздің тілегіміз бір – сүйікті болып, бақытты өмір сүру”, – деді Баян Алагөзова.

Похожие материалы

«Бақытты болса, қуанар едім»: Баян Алагөзова экс-күйеуінің үйленгені жайлы қауесетке ойын айтты · Todayinfo