Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бар болғаны мешкобой»: белгілі журналист Ардақ Назаровтың үш дүркін әлем чемпионы болмағанын дәлелдеді

Журналист Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровқа қатысты шындықтың шетін ашты. Айтуынша, боксшы 3 дүркін Әлем чемпионы болдым деп елді алдап жүр, деп хабарлайды Todayinfo . «Ардақ Назаров көп сұхбаттарында ешқашан жеңілмегенмін, 2 рет қана тең түскенмін дейді. Бұл расында солай ма? Мәсе

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Бар болғаны мешкобой»: белгілі журналист Ардақ Назаровтың үш дүркін әлем чемпионы болмағанын дәлелдеді
Журналист Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровқа қатысты шындықтың шетін ашты. Айтуынша, боксшы 3 дүркін Әлем чемпионы болдым деп елді алдап жүр, деп хабарлайды Todayinfo.
«Ардақ Назаров көп сұхбаттарында ешқашан жеңілмегенмін, 2 рет қана тең түскенмін дейді. Бұл расында солай ма? Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, ашық дерек көздеріне жүгінейін. Әлемдік аралас жекпе-жек лигаларының жекпе-жектерінің есебін жүргізетін, солар басшылыққа алатын әлемдік Tapology.com мен Sherdog.com сайттарынан Ардақ Назаровтың жекпе-жек рекордтарына көз жүгіртейік. Оған көз салсақ, кейіпкеріміз - 20 рет жеңіп, бақандай 3 рет ұтылып, 1 ретінде ғана тең түскен»,- деді журналист.
Ол Назаровтың Кореядағы жекпе-жекте жеңілгенін айтты.
«Депутат Назаров - 2005 жылы Кореяда Әлем чемпионы болдым дейді. Әлемдік сайттардың статистикасы бойынша 2005 жылы Назаров (рекорды 15-1) Du Hyung Kim (5-1) деген спортшымен жекпе-жекке шығып, бірінші айналымда-ақ төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіліп, үйге қайтқан. Ол турнирде одан басқа 2 қазақ Төлеген Ақылбеков пен Дәнеш Дүнгенбаев, қырғызтандық Замир Сырғабеков пен қазіргі UFC чемпионы Валентина Шевченколар жеңіске жеткен»,- деп жазды ол.
Журналистің сөзінше, Ардақ Назаров бокс саласына енді қадам басқан жастарды жеңген.
«Сонда Назаров қалай чемпион боп жүр? Назаров кімдерді ұтты дегенге тоқталсақ. 11-0 болғанға дейін тек дебютанттарды немесе карьерасын енді бастағандарды ұтқан. 11-0 болған кезде М1 Global ұжымында алғашқы жеңілісіне ұшыраған. Қарсыласы - рекорды 2-0 армян Karen Grigoryan»,- деді ол.
Гүлбану Әбенованың сөзінше, Назаровтың сұхбаттарында «Брендон Гарнерді ұттым» деп жүргені де сандырақ.
«Одан бөлек Назаров Грейси командасының өкілі Брендон Гарнерді ұттым деп сұхбат беріп жүр. Бұл жекпе-жек 2007 жылдың 26-қазанында болған. Бұл жекпе жекте Ардақ Назаров (16-2) Гарнермен (4-1) әрең тең түскен болатын. Назаровтың соңғы жеңілісі - 2010 жылдың 9-қазанында болады. Ол жолы Назаров (19-2-1) америкалық Lance Wipf (7-3) жеңілген болатын. Жоғарыда келтірілген статистикаға қарап, қорыта келгенде - қазіргі кездегі депутат Ардақ Назаров өзі айтып жүргендей ешқандай да Әлемнің 3 дүркін чемпионы емес, бар болғаны жекпе-жек тілімен айтқанда «мешкобай» болғанын көрсетеді»,- деді журналист.
Гүлбану Әбенова Назаровтың кәсіби деңгейі қазіргі таңда еліміздегі Alash Pride, Naiza, OCTAGON лигаларында жүрген ортаңқол спортшылардан төмен болмаса, артық емес екенін айтты. Фотоколлаж: Ertenmedia

Похожие материалы

«Бар болғаны мешкобой»: белгілі журналист Ардақ Назаровтың үш дүркін әлем чемпионы болмағанын дәлелдеді · Todayinfo