Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Барлығы аяқталды»: Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады

Фото: Видеодан скрин Бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы. «Армысыздар! Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін дегенмін. Бәрі жарыса

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
«Барлығы аяқталды»: Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин Бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Армысыздар! Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін дегенмін. Бәрі жарыса жазыпты. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген барлық жандарға алғысымды білдіремін. Қолдау білдірген жандар қаншалықты көп болса, хайп қуған, рейтинг қуған жандар да көп болды. Барлығы, Құдайға шүкір, аяқталды. Соттың шешімі бар, мен заңнан биік емеспін, заңға бағынамын. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін, келіспеймін де. Енді бұдан былай бұл ақпарат жөнінде маған сұрақтарыңызды қоймасаңыздар болады. Осы жерде өз нүктесін қояйын, айтарым осы. Аман болыңыздар», – деді ол.
Еске салсақ, Алмас Кішкенбаевқа 17 жастағы жасөспірімге тиісті деген айып тағылған еді. Кейін бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеме жасап, Кішкенбаевтың «бұзақылық» бабымен жауапқа тартылғанын айтқан болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алмас Кишкенбаев (@a.kishkenbaev)

Похожие материалы

«Барлығы аяқталды»: Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады · Todayinfo