Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Бас прокуратура iPhone телефонын ұстайтындарға маңызды ескерту жасады

Бас прокуратура iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Todayinfo . Шетелдік дереккөздердің ( https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/ , https://itc.ua/news/moshennyky-o

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Бас прокуратура iPhone телефонын ұстайтындарға маңызды ескерту жасады

Бас прокуратура iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Todayinfo.

Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса тіркей отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.

Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.

Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.

«Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:

- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;

- жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;

- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;

- құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеруді.

Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар»,- делінген хабарламада.

Фото: Freepik

Похожие материалы

Бас прокуратура iPhone телефонын ұстайтындарға маңызды ескерту жасады · Todayinfo