Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

“Басқа әйел емес”: Абай Бегейдің қызы Сымбат өгей анасын алғаш қалай қабылдағанын айтты

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, өгей анасын алғаш қалай қабылдағанын ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Instagram парақшасында оқырмандардың бірі: «Папаң басында басқа әйел әкелгенде қандай сезімде болдың?» деген сұ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
“Басқа әйел емес”: Абай Бегейдің қызы Сымбат өгей анасын алғаш қалай қабылдағанын айтты
Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, өгей анасын алғаш қалай қабылдағанын ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
Instagram парақшасында оқырмандардың бірі: «Папаң басында басқа әйел әкелгенде қандай сезімде болдың?» деген сұрақ қойған.
Бұл сауалға Сымбат: «Ол нәрсені айта беріп жалықпадыңыздар ма? Басқа әйел емес, ең жақын жан бола білді. Қазір бәрі күшті», – деп жауап берді. Сымбат пен өгей ана арасындағы қарым-қатынас туралы Сымбаттың бұл жауабы оқырмандардың көңілінен шығып, көпшілік оның шынайылығын атап өтті. Желі қолданушылары жас қыздың сабырлылығы мен түсіністікке толы қарым-қатынасын жоғары бағалап, жақсы пікірлер қалдырды.

Похожие материалы

“Басқа әйел емес”: Абай Бегейдің қызы Сымбат өгей анасын алғаш қалай қабылдағанын айтты · Todayinfo