Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова ел алдында алғаш рет жеке өміріндегі ауыр сәттермен бөлісті. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Мөлдір Мұқанова өксіп жылап отырған сәті түсіп қалған. Видео кадрларынан оның қатты күйзелісте екені байқалады. Бұл тур
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова ел алдында алғаш рет жеке өміріндегі ауыр сәттермен бөлісті. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Мөлдір Мұқанова өксіп жылап отырған сәті түсіп қалған. Видео кадрларынан оның қатты күйзелісте екені байқалады. Бұл туралы
Todayinfo хабарлайды.
Жұбату сөздері мен жұрттың реакциясы
Бейнежазбада кадр сыртынан бір адамның Мөлдірді жұбатып, "Өмірде бәрі жақсы болады, жылама, Алла бәрін реттейді" деген сөздері естіледі. Бұл көрініс көпшіліктің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Қоғамның пікірі екіге жарылды
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты сан түрлі пікір білдірді. Бірі Мөлдірге жанашырлық танытып, оның көз жасын ақтап жатса, енді бірі бұл әрекетті пиар деп қабылдаған.
«Қанша жыл бірге тұрып, ыстық-суығын бірге өткеріп, жетістікке жеткенде басқа әйелге кетіп қалу — бұл нағыз сатқындық», – деп жазды қолданушылардың бірі.
«Бұл бәрі тек кино үшін ұйымдастырылған болуы мүмкін. Қазір бәрі пиарға жұмыс істейді», – деген пікірлер де айтылды.
«Мөлдір, сен әдемісің, мықтысың. Ондай адам үшін жылауға тұрмайды», – деп қолдау білдіргендер де аз емес.
Жеке өмірге қоғам назар аударуда
Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов арасындағы отбасылық жағдай ресми түрде расталмаса да, бейнежазбаның таралуы қоғам назарын осы жұпқа аударып отыр. Әзірге тараптар бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ (@shai_v_bolshom_gorode)