Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Бағанашылдағы бассыздық: Алматыда екі жасөспірім қыз балалар үйінен қашып кетті

Фото: LIDER Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №1 балалар үйінен екі кәмелетке толмаған қыз қашып кеткен. Олар 18 шілдеден бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Todayinfo. LIDER.KZ  еріктілерінің мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар: –  Кри

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Бағанашылдағы бассыздық: Алматыда екі жасөспірім қыз балалар үйінен қашып кетті

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №1 балалар үйінен екі кәмелетке толмаған қыз қашып кеткен. Олар 18 шілдеден бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Todayinfo.

LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар:

– Кристина Белгородская, 2009 жылы туған
– Маргарита Черепанова, 2010 жылы туған

Қыздар таңертең ерте балалар үйінен кетіп қалған. Мекеме Сыргабеков көшесі, 22 мекенжайында орналасқан.

Кристина Белгородскаяның белгілері:
– бойы: 155–157 см
– дене бітімі: орташа
– шашы: ұзын, ашық қоңыр
– көзі: қоңыр
– киімі: қара футболка, қара шалбар

Маргарита Черепанованың белгілері:
– бойы: 165 см
– дене бітімі: орташа
– шашы: ұзын, қара
– көзі: қоңыр
– киімі: қара футболка, көгілдір джинсы

Іздеумен айналысатын еріктілер мен полиция қыздардың қайда екені туралы қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан шұғыл түрде құқық қорғау органдарына немесе волонтёрлерге хабарласуды сұрайды.

Похожие материалы

Бағанашылдағы бассыздық: Алматыда екі жасөспірім қыз балалар үйінен қашып кетті · Todayinfo