Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Фото: kazinform Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында бо

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
Фото: kazinform Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болды. Дрон түсіп, жарылыс болған. Жарылыс толқыны үйлерді шайқаған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде мүдделі органдармен бірге Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат бөліктеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
— Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан бұрын да Батыс Қазақстан облысы аумағына бірнеше дрон құлаған болатын.

Похожие материалы

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады · Todayinfo