Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Баян Алагөзованың» қорынан хабарласқан - әйел алаяққа 400 мың теңгесін аударып жіберген

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қорына ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды  Todayinfo . Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында мәлімдеп, оқырмандарына ескерту жасады.  «Кеше туысым хабарласып, танысының Баян Алагөзованың қоры

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Баян Алагөзованың» қорынан хабарласқан - әйел алаяққа 400 мың теңгесін аударып жіберген

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қорына ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында мәлімдеп, оқырмандарына ескерту жасады. 

«Кеше туысым хабарласып, танысының Баян Алагөзованың қоры деп әлдекімдерге 400 мың теңге жібергенін айтты. Оның айтуынша, мен сиқырлы дамуға уәде беріппін-мыс. Сіздерді сақ болуға шақырамын. Менің бұл қорға ешқандай қатысым жоқ. Арандатушыларға ермеңіздер. Алаяқтар неше түрлі өтірік айтуы мүмкін», – дейді Баян Алагөзова.

Ол басқа біреудің даусы арқылы жасалған осыған ұқсас видеоларды көргенін атап өтті. 

«Сонымен, енді әлгі әйел менен ақшасын қайтаруды сұрап отыр. Қандай ақша? Баян ештеңені білмейді. Адамдардың аңғалдығына әлі де таңғаламын. Неліктен дәлелсіз, заңды құжаттарсыз осындай айлаларға сеніп қаласыздар? XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой, ал сіздер әлі интернеттегі «байытамыз» деген бейнероликтерге сенесіздер. Тоқтатыңыздаршы, өтінем», – дейді ол.

Похожие материалы

«Баян Алагөзованың» қорынан хабарласқан - әйел алаяққа 400 мың теңгесін аударып жіберген · Todayinfo