Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Базардан алған балықты жеп, аяқ-қолымнан айырылдым — Бота Бурханова

Жас келіншек базардан алған балықты жегені үшін аяқ-қолынан айырылып қалған, деп хабарлайды Todayinfo . Бота Бурханова журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында ауыр оқиғаны айтып берді. Ол балықты базардың алдынан, яғни көшеден алғанын айтады. Кептірілген балыққа қатты қыз

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Базардан алған балықты жеп, аяқ-қолымнан айырылдым — Бота Бурханова
Жас келіншек базардан алған балықты жегені үшін аяқ-қолынан айырылып қалған, деп хабарлайды Todayinfo. Бота Бурханова журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында ауыр оқиғаны айтып берді. Ол балықты базардың алдынан, яғни көшеден алғанын айтады. Кептірілген балыққа қатты қызыққаны соншалық үйіне әкеліп балаларына бермей өзі жеген.
«Балықты жеген соң, ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ қатты мән бермедім. Келесі күні жағдайым тіптен нашарлады. Аяқ-қолдарым істемей қалды. Осылай реанимациядан бір-ақ шықтым. Ауруханада елестерді көп көріп, жағдайым кері кетті. Дәрігерлер мені «өледі» деп ойлаған. Туыстарыма да солай айтқан. Менің аяқ-қолдарым қап-қара болып көгеріп кеткен. Олар қолдағы тамырды таппай, мойын тұсымнан плазма жіберді, наркоз жіберді. Осыдан соң, менің миым толықтай істемей қалған», - дейді Бота Бурханова.
Оның айтуынша, ажалдан арашалап қалған анасының дұғалары мен дәрігерлердің біліктілігі көрінеді.
«Мен аурухана түскеннен кейін, анам Египеттен үш күннен кейін келді. Оған да дәрігерлер «қызыңыздан үміт жоқ» десе керек. Дәрігерлерге ұрысыпты. Жағдайым қатты нашарлаған соң өзімен ала келген зәмзәм суымен жуындырып, дұға оқи беріпті. Былайша айтқанда анам мені өлімнен алып қалды», - деді мүгедек болып қалған келіншек.
Елдегі дәрігерлерден қайыр болмаған соң, Ботаны туыстары шұғыл Түркия еліне апарады. Ол жақта дәрігерлер аяқ-қолдарын кескен.
«Алақанымды тірілту үшін, ішімді кесіп, біріктіріп тігіп қойған. Ал аяқтарыма 11 сағат ота жасады. Қатты қарайып кеткендіктен кесуге тура келді», - дейді көзіне жас толған Бота.

Похожие материалы

Базардан алған балықты жеп, аяқ-қолымнан айырылдым — Бота Бурханова · Todayinfo