Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Белгілі блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамалды: ол немен айыпталуда

Белгілі блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды. Алматы полициясы оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдік келтірді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Белгілі блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамалды: ол немен айыпталуда

Алматыда танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Ведомствоның ақпараты бойынша, ол көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Соттың шешімімен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Белгілі блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамалды: ол немен айыпталуда · Todayinfo