Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды

 ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлады,  деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі. Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика органдары порталында 2 жыл пайда болған еді. Іздестіретін орган

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды

 ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлады,  деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика органдары порталында 2 жыл пайда болған еді. Іздестіретін орган ретінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

 

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

 

Айта кетейік, ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшылары 2023 жылы сотталды. Сот үкімімен автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбеков 5 жылға, ал сол серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6,5 жылға сотталды.

Похожие материалы

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды · Todayinfo