Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Мен Берденов мырзаның амандығын тілеймін»: оқ атқан күдіктінің жұбайы Луиза Алданова мәлімдеме жасады

Күдікті ретінде ұсталған Ернар Жиембайдың жұбайы, Луиза Алданова, әлеуметтік желі арқылы отбасында орын алған ауыр жағдайға қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады. Ол өткен бір айдың отбасы үшін үлкен сынақ болғанын айтып, қиын сәтте қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді,деп ха

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Мен Берденов мырзаның амандығын тілеймін»: оқ атқан күдіктінің жұбайы Луиза Алданова мәлімдеме жасады
Күдікті ретінде ұсталған Ернар Жиембайдың жұбайы, Луиза Алданова, әлеуметтік желі арқылы отбасында орын алған ауыр жағдайға қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады. Ол өткен бір айдың отбасы үшін үлкен сынақ болғанын айтып, қиын сәтте қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Осы қиын кезеңде мені іздеп, уайымдап, отбасымыз үшін дұға тілеп жүрген барлық жанашыр жандарға алғысымды айтамын. Енді ғана есімізді жиып, өз-өзімізге келіп жатқан жайымыз бар», – деді ол.
Мәлімдеме барысында Луиза Алданова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің денсаулығы туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, отбасы мүшелері жапа шеккен азаматтың амандығы үшін шын жүректен алаңдаған.
«Әрбір минут, әр сағат, әр тәулік уайымдаумен болдық. Руслан Берденов мырзаның амандығын тіледік. Жуырда ғана ауруханадан үйіне оралғанын естідік. Енді тезірек айығып, қызметін жалғастыруын тілейміз», – деп жазды Луиза.
Алданова жұбайы Ернар Жиембайдың әрекетін ақтап алудан аулақ екенін атап өтіп, оның жасаған ісін «қателік» деп бағалады.
«Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен... Бұл жағдайды тағдырдың сынағы деп қабылдап, барынша сабырмен қарап отырмын. Барлығын Алланың қолына тапсырдым», – деді ол.
Әлеуметтік желілерде тараған, Луизаның да бұл іске қатысы бар деген қауесеттерге қатысты ол нақты жауап беріп, өзін кінәлі етіп көрсетуге тырысқандарға үн қатты.
«Осы жағдайға менің де қатысым бар деген бастапқыда тараған қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Ата-анадан көрген тәрбием, бойға сіңген иманым мұндай арсыз қылыққа аттап бастырмайтыны айдан анық», – деп мәлімдеді Луиза Алданова.

Похожие материалы

«Мен Берденов мырзаның амандығын тілеймін»: оқ атқан күдіктінің жұбайы Луиза Алданова мәлімдеме жасады · Todayinfo