Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Берген Беспалинов: Ұлттық құрылтай елдің саяси және әлеуметтік дамуына серпін берді

Фото: Ақорда «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ұлттық құрыл

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Берген Беспалинов: Ұлттық құрылтай елдің саяси және әлеуметтік дамуына серпін берді
Фото: Ақорда

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ұлттық құрылтай еліміздің саяси және әлеуметтік саласының дамуына айрықша рөл атқарды. Соңғы төрт жыл ішінде Құрылтай мүшелері қоғам өмірін жаңғыртуға бағытталған көптеген маңызды ұсыныстар енгізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар негізінде 26 заң қабылданды. Атап айтқанда, әйелдердің құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ойынқұмарлық пен нашақорлыққа қарсы күресті күшейту, ономастика саласындағы жұмыстарды жүйелеу және мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасалды. Бұл шаралар азаматтардың мәртебесін арттырып, еңбекті әділ бағалауға ықпал етті.

Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай қоғамның болашағын айқындайтын, жаңа сапалы ұрпақты қалыптастыруға негіз болатын құндылықтарды белгіледі. Құрылтай мүшелері ішкі саясат саласындағы маңызды құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысып, нәтижесінде өткен жылы Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен басым бағыттары бекітілді.

Берген Беспалиновтің айтуынша, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы аталған құжаттарды жан-жақты қолдайды және олардың тиімді жүзеге асырылуы қоғам тұрақтылығын нығайтып, мемлекеттік басқару сапасын арттыратынына сенім білдіреді.

Похожие материалы

Берген Беспалинов: Ұлттық құрылтай елдің саяси және әлеуметтік дамуына серпін берді · Todayinfo