Берік Уәли саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақстандық танымал саяхатшы, видеоблогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Дастан Мұхамедрахым – Абай облысының Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылының тумасы. Ол әлемде сирек қолданылатын ги
Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения

Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақстандық танымал саяхатшы, видеоблогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Дастан Мұхамедрахым – Абай облысының Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылының тумасы. Ол әлемде сирек қолданылатын гиперлапс форматында ерекше бейнероликтер түсіріп, табиғат көріністерін заманауи тәсілмен ұсынып жүр. Оның жұмыстары еліміздің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға зор үлес қосып келеді. Marvel-дің жаңа «Өрмекші адам» трейлерінің тизерін алғашқылардың бірі болып жариялағандардың қатарына енді.
Жақында Францияның Канна қаласында өткен WIBA Awards 2026 халықаралық марапаттау рәсімінде Дастан Мұхамедрахым «Әлемнің үздік travel-блогері» марапатына ие болды. Ол өз еңбектерінде Қазақстанның табиғи байлығын – асқар тауларын, кең байтақ даласын, қайталанбас ландшафттарын ерекше көркемдікпен бейнелеп, көрерменге шабыт сыйлап келеді.
Ол алғаш рет еліміздің табиғаты туралы түсірген видеоролигі арқылы кеңінен танылып, әлемге әйгілі болды. Бүгінде оның Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандарының саны 1,5 миллионнан асады.
Аймақ басшысы кездесу барысында саяхатшы блогердің шығармашылығын жоғары бағалап, еліміздің, оның ішінде өңіріміздің туристік имиджін қалыптастырудағы еңбегі үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Похожие материалы

Абайская область
В Абайской области усилена готовность к чрезвычайным ситуациям – открыт новый пожарный пост
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Более 5 тысяч жителей Абайской области приняли участие в телемосте в рамках программы «Таза Қазақстан»
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
В Семее впервые 685 домов получили горячую воду
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Жаннұр Еділбаева·