Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Біліксіз полиция, бейғам комитет, беймарал әкім»: Атыраудағы атышулы қылмыстың ізін органдар емес, қарапайым жігіт ашқан

Белгілі қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы Атырау облысында орын алған ауыр оқиғаға байланысты ой бөлісіп, көпшілікті бейжай қалмауға шақырды. Атырауда «жоғалған» деп іздестірілген отбасы мүшелерінің мәйіттері өз қораларынан табылғаны қоғамды есеңгіретіп жіберді. Ал күйеу бала мен қыз

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Біліксіз полиция, бейғам комитет, беймарал әкім»: Атыраудағы атышулы қылмыстың ізін органдар емес, қарапайым жігіт ашқан
Белгілі қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы Атырау облысында орын алған ауыр оқиғаға байланысты ой бөлісіп, көпшілікті бейжай қалмауға шақырды. Атырауда «жоғалған» деп іздестірілген отбасы мүшелерінің мәйіттері өз қораларынан табылғаны қоғамды есеңгіретіп жіберді. Ал күйеу бала мен қызы әлі күнге дейін із-түзсіз жоқ. Кей деректерде олардың Өзбекстанға өтіп кеткені айтылады. Оқиғаның өзі ғана емес, оны тергеу барысындағы олқылықтар да көп сұрақ тудырып отыр. Осы жағдайға байланысты ең әуелі сол өңірде тұратын, компьютерлік технологияны жетік меңгерген бір азамат өз еркімен із кесу жұмыстарын жүргізген. Оның анықтауынша, қорадан мәйіті табылған әйелдің банк картасынан соңғы рет Бали аралдарында ақша шешілген. Бұл дерек оқиғаның бағытын түбегейлі өзгертуі мүмкін еді. Алайда құқық қорғау органдары аталған мәліметке дер кезінде назар аудармаған. Қылмыстық іс те айтарлықтай уақыт өткен соң ғана тіркелгені белгілі болды. Қоғамдық кеңістікте осы азаматты «хакер» деп атап жүргендер бар. Көсемәлі Сәттібайұлы мұндай анықтамамен келіспейтінін ашық айтты. «Хакер» сөзі көп жағдайда теріс мағынада қабылданады. Ал мұнда мәселе бөтеннің дерегін бұзу немесе заңсыз әрекет туралы емес, адам тағдырына бейжай қарамай, өз білімі мен мүмкіндігін шындықты табуға жұмсаған азамат туралы болып отыр. Қаламгердің пікірінше, мұндай жандардың аты-жөнін жасырмай, керісінше, ашық айтып, елге таныту қажет. Өзі келіссе, оны құқық қорғау саласында компьютерлік технология арқылы із кесу бағытында қызметке тарту да орынды болар еді. Қазір оның есімі нақты белгілі болмай тұрғандықтан, білетін азаматтарды пікірде бөлісуге шақырды. Фото: Freepik

Похожие материалы

«Біліксіз полиция, бейғам комитет, беймарал әкім»: Атыраудағы атышулы қылмыстың ізін органдар емес, қарапайым жігіт ашқан · Todayinfo