“Барлық қазақ халқынан тағы да кешірім сұраймын, жағдай осылай насырға шапқанына өкінемін. Біреуді ренжіту немесе қапаландыру ниетім болған жоқ. Мен достықты жақсы көретін адаммын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін бәріңізге көп рахмет. Мен үйдемін, оралдым”, – деді ол.Еске салсақ, ақпан айының басында Алматыда “STAYA” тобының екі мүшесі – Анар Абдуллаев және Ренат Пашаев 15 тәулікке қамауға алынған еді. Тікелей эфир кезінде олар Қазақстаннан келген көрермендермен дауласқан. Қақтығыстың себебі – стрим кезінде қазақ қыздарына айтылған қорлау сөздер. Кейін Әзербайжан тарапынан өкілдері болған оқиғаға өкініш білдіріп, стримерлердің айтқандары үшін кешірім сұрады және Қазақстанға деген құрметінің ерекше екенін атап өтті.
«Біреуді ренжіту ниетім болған жоқ»: қазақ қыздарын қорлаған ресейлік блогер кешірім сұрады
Қазақстандағы қазақ қыздарын қорлағаны үшін 15 тәулікке қамалған ресейлік стример Анар Абдуллаев видеоүндеу жасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Анар Абдуллаев үйге оралғаннан кейін өзінің Telegram -каналында қазақ халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу 

Қазақстандағы қазақ қыздарын қорлағаны үшін 15 тәулікке қамалған ресейлік стример Анар Абдуллаев видеоүндеу жасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Анар Абдуллаев үйге оралғаннан кейін өзінің Telegram-каналында қазақ халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады. Ол болған жағдайға әлі күнге дейін сене алмайтынын жеткізді. Стример Ренатпен бірге қиын кезеңдерден өткенін айтып, өздеріне лайықты жаза берілгенін мойындады.
Стример біреуді ренжіту немесе қолайсыз жағдай туғызу ойында болмағанын атап өтті. Ол қазақ халқынан кешірім сұрап, өзін қолдаған жандарға алғыс білдірді.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·